«Арыстан патша» бүгіннен бастап қазақ тілінде прокатқа шықты


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Арыстан патшаның» көптен күткен Disney ремейкі бүгіннен бастап республикалық прокатқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анимациялық фильм «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалды. Жоба «Нұр Отан» партиясы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.



Бұл — махаббат пен достық, адалдық пен билік үшін күрескен африкалық Саваннаны мекендеушілер туралы Disney-дің анимациялық кинотуындысы. Аңдар патшасы Муфасаның мұрагері Симба дүниеге келеді. Фильмде мұрагердің еркеліктен — бақытсыздыққа, бейқам кезбеден — құтқарушы мен барлық аңдардың әміршісіне дейінгі бұралаңға толы өмірі баяндалады.





Фильмнің кастингіне Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 50-ден астам актёр қатысқан.

«Бұл — қазақ тіліне дубляждалған алғашқы фильмім емес. Қиындықтар болды, бірақ маған бәрі ұнады. Мен Симбаның әкесі Муфасаны дубляждадым, өзімнің рөлімді өте маңызды деп санаймын, өйткені ол барлық жануарлардың иесі және патшасы. Фильмдегі рөлі қысқа, бірақ елеулі, ол өз ұлына қамқорлық жасайды. Әрине, дубляж кезінде қызықты оқиғалар болды, бір жерде олар мәтінді дұрыс аудармапты, бірақ мен үш сағатта қайта аударып шықтым. Алдымен кастинг өткізілді. Үш адамның ішінен мені таңдап алды. Режиссёрге ризамын. Менің ойымша, көрермендер біздің жұмысымызға өз бағасын береді», — дейді актёр Бекболат Құрманғожаев.



Қазақ тіліндегі фильмнің басты саундтрегін танымал қазақстандық әнші Маржан Арапбаева орындады. Арыстан Наланың «Алға» әнін «X-Factor» тележобасының жеңімпазы Дария Ғабдулл шырқады. Қазақ тілі дубляжының режиссёрлігі Шах-Мұрат Ордабаевқа бұйырды.

«Өзіңнен баста» — голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға бағытталған жоба. «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Әлеуметтік және коммерциялық мақсаттарды көздемейді. «Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне Голливудтың 31 кинотуындысы дубляждалды, олардың ішінде: «Тачки-2»/»Көліктер 2»,«Мстители-2: Эра Альтрона»/ «Кек алушылар: Альтрон дәуірі», «Храбрая сердцем»/«Батыл жүрек», «Тайна Коко»/«Коконың құпиясы»,«Моана»,«Малефисента»,«Аладдин», «История игрушек-4»/ «Ойыншықтар хикаясы-4» және басқа туындылар бар. «Walt Disney Pictures»/ «Pixar» студияларының 15 анимациялық фильмі және «Sony Pictures», «Disney», Lucasfilm Ltd және Marvel Studios Inc. студияларының отбасымен көруге арналған 16 фильмі бар.





2019 жылы қазақстандық көрермендерді қазақ тіліне аударылған тағы екі фильмнің премьерасы күтіп тұр. Қазан айында «Малефисента» және қараша айында «Мұзды өлке 2» көрсетілімге шығады.





Жобаның арқасында 100-ден астам отандық актёр «Walt Disney Pictures» дауыстар базасына енгізілген.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/arystan-patsha-buginnen-bastap-kazak-tilinde-prokatka-shykty_a3548768”

Похожие материалы (по тегу)

Алматы әкімі Мәскеудің даму тәжірибесіне қызығушылық білдірді

Алматыда  ең үздік жас тарихшылар анықталды

Лейла Әлиева Әзербайжанда Қазақстанның әдебиет және мәдениет орталығын ашты

Последнее от

Максим Покотилюк: «У “Оболоні-Бровар” є власна ігрова філософія» (Відео)

Официально: Антон Шиндер покинул «Олимпик»

«ПриватБанк» и MasterCard добавили функцию смены дизайна карт в Apple Pay и Google Pay