Футбол: Михал Билек «Астанаға» келді

Футбол: Михал Билек «Астанаға» келді


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Чехиялық маман Михал Билек «Астана» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://metlor.net

«Астана» футбол клубы мәлім еткеніндей, М.Билек өткен жылы Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған болатын.

Чехиялық маман өз елінде «Теплице», «Хмел», «Виктория» (Пльзень), «Спарта» (Прага), «Высочина», «Фастав» клубтарында қызмет етті. Чехия жасөспірімдер және ұлттық құрамасында да бапкер болды. Сондай-ақ костарикалық «Картахинес», словакиялық «Ружомберок», грузиялық «Динамо» (Тбилиси) клубтарын жаттықтырды.

Чехия ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты. Ал жасөспірімдер құрамасын баптаған кезде Еуропа біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды. «Спартамен» ел чемпионы атанып, кубокты да жеңіп алды.

М.Билек жаттықтырған Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде I тобында бесінші орынды қанағат тұтты.

Чехиялық маман «Астананың» тізгінін алумен бірге Қазақстан ұлттық құрамасын да қоса баптай беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Роман Григорчуктың «Астанадан» кетіп, «Барселонаның» бас бапкері ауысқанын жазған болатынбыз.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/futbol-mihal-bilek-astanaga-keldi_a3603414”

Похожие материалы (по тегу)

В Житомире нашли место под скейт-парк и думают над созданием памп-трека

Гюнтер Штайнер: Зачем Феттелю рисковать?

Гэтжи: Когда побью Хабиба, встречусь с Макгрегором

Последнее от

Максим Покотилюк: «У “Оболоні-Бровар” є власна ігрова філософія» (Відео)

Официально: Антон Шиндер покинул «Олимпик»

«ПриватБанк» и MasterCard добавили функцию смены дизайна карт в Apple Pay и Google Pay