Футбол: «Барселонаның» бас бапкері ауысты

Футбол: «Барселонаның» бас бапкері ауысты


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испаниялық «Барселонаның» бас бапкері ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://gazetadosblogueiros.com

Клубтың ресми сайты мәлім еткендей, испаниялық, 55 жастағы Эрнесто Вальверде бас жаттықтырушы ретіндегі қызметінен кетті.

Э.Вальверде «Барселонаға» 2017 жылдан бері жетекшілік етті. Оның басшылығымен атақты клуб Испанияның екі мәрте чемпионы атанды. Сондай-ақ бір реттен елдің кубогы мен суперкубогын жеңіп алды. Алайда чемпиондар лигасында ширек және жартылай финалда сәйкесінше италиялық «Рома» (4:1, 0:3) мен ағылшындық «Ливерпуль» (3:0, 0:4) клубтарына жол беріп, жарыстан шығып қалды.

Э.Вальверденің жетекшілігімен өткен 163 ресми матчтың 108-і жеңіспен, 35-і тең ойынмен, 20-сы ұтылыспен аяқталды.

«Барселона» қазіргі кезде Испания чемпионатында 19 турдан кейін 40 ұпаймен бірінші орында келеді. Әйтсе де оның сыралғы қарсыласы Мадридтің «Реалының» да 40 ұпайы бар. «Барселона» тек қосымша көрсеткіштер бойынша алда тұр.

Каталониялық клуб жуырда Испания суперкубогы үшін өткен жартылай финалда «Атлетико» (Мадрид) командасынан жеңіп тұрып, ұтылып қалды. Мұнда финалда «Реал» мен «Атлетико» клубтары тең ойнап (0:0), пенальти сериясында Зинедин Зиданның командасы жеңіске жетті. Э.Вальвердемен келісімшарттың ерте үзілуіне бұл да әсер еткен болуы мүмкін.

«Барселона» бас бапкерді тағайындау мәселесін кідірткен жоқ. 61 жастағы испаниялық маман Кике Сетьенмен келісімшарт 2022 жылдың 30 маусымына дейін жасалды.

К.Сетьен бұған дейін испаниялық «Бетиске» жетекшілік етіп, оны 2017-2018 жылғы ел чемпионатында алтыншы орынға шығарды. Ал 2018-2019 жылғы маусымда Испания кубогының жартылай финалына дейін жеткізді.

Айта кетейік, «Барселона» 17 жылдан бері маусым барысында бас бапкерін ауыстырмаған еді. 2003 жылы каталониялықтар Нидерланды маманы Луи ван Галды қызметінен кетіріп, орнына сербиялық Радомир Античті алған болатын. Онда «Барселона» бірінші орыннан 20 ұпайға қалып келе жатқан еді. Ақыры 2002-2003 жылғы біріншілікті клуб алтыншы орынмен аяқтады.

фото: shbarcelona.ru



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/futbol-barselonanyn-bas-bapkeri-auysty_a3603394”

Похожие материалы (по тегу)

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

Футзалдан Қазақстан кубогының финалында «Қайрат» пен «Жетісу» ойнайды

Еуропа лигасы: «Астана» жеңіліп қалды

Последнее от

Максим Покотилюк: «У “Оболоні-Бровар” є власна ігрова філософія» (Відео)

Официально: Антон Шиндер покинул «Олимпик»

«ПриватБанк» и MasterCard добавили функцию смены дизайна карт в Apple Pay и Google Pay